Шымкентте «Қорғау» бағдарламасының көмегімен 77 миллион теңге берешегі бар жүргізуші анықталды

Azattyq Rýhy

Жүргізушінің темір тұлпары айыптұраққа қамалды

Шымкентте «Қорғау» бағдарламасының көмегімен 77 миллион теңге берешегі бар жүргізуші анықталды

«Қорғау» бағдарламасы арқылы қалалық полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алды. «Hyundai» маркалы көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 77 миллион теңге берешегі бар екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Түркістан көшесіндегі көлікті ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлері бағытталды. Төлеуден жалтарған азаматқа борыштарын өтеу туралы ескертілді.

Ал темір тұлпар айыптұраққа қамалды. Азамат оны қарыздарын төлеген соң қайтара алады.

Айта кетейік, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында «Қорғау» қосымшасы жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заң бұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.