06.05.2024, 09:52
Қоғам
Кеген ауылының тұрғындарына жер сілкінісі сезілді
Алматы облысында бүгін таңертең 2 балдық жер дүмпуі тіркелді
Фото: istockphoto.com
2024 жылғы 6 мамыр күні Алматы облысында жергілікті уақытпен таңғы сағат 09:12-де жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісінің эпиорталығы Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында жатыр.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қазақстан мен Қырғыстан шекарасынан 194 шақырым жерде орналасқан. Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылындағы жер сілкінісінің күші 2 балл болды», - деп хабарлайды ТЖМ.
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр