Астана әуежайынан ұшатын түнгі рейстердің бәрі тоқтайды
Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады
![Астана әуежайынан ұшатын түнгі рейстердің бәрі тоқтайды](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/main_page_full/uploads/news/2024/05/06/66385e254664d670538196.jpeg)
2024 жылдың 1 мамырынан бастап Астана халықаралық әуежайынан түнгі сағат 22:00-ден бастап таңғы сағат 06:00-ге дейінгі аралықта ұшақ ұшпайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, бұл аралықта әуежайдың ұшу-қону жолақтарында күрделі жөндеу өтеді.
«1 мамырдан бастап Астана қаласының әуежайы мен бас мердігер ұшу-қону жолағында күрделі жөндеу бастайды. Осыған байланысты Астана халықаралық әуежайындағы авиарейстер кешкі сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін ұшпайды», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Дереккөзіне сүйенсек, әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілгенін екен.
«Рейстер кестесінің өзгеруіне байланысты осы уақытта жолаушылар ағыны 2 есеге ұлғаяды. Осыған байланысты әуежай әкімшілігі жолаушылардан әуежайға 3-4 сағатқа ерте келуін сұрайды», - деп хабарлады комитет.