$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.05.2024, 10:02
Қоғам

Астана әуежайын әлемдегі ең үздік 10 әуежайдың қатарына қосу жоспарланып отыр

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады

Астана әуежайын әлемдегі ең үздік 10 әуежайдың қатарына қосу жоспарланып отыр
Фото: nn-airport.kz

Астана халықаралық әуежайы өзінің алдағы 30 жылға арналған Бас жоспарын қайта қарап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Дереккөзіне сүйенсек, Бас жоспарға өзгеріс енгізу арқылы Астана халықаралық әуежайын әлемдегі ең үздік 10 нысанның қатарына қосу жоспарланып отыр.

«Қазір әуежай алдағы 30 жылға арналған Бас жоспарды қайта қарап жатыр. Бұл өзгерістер Астана әуежайында биометриялық деректер мен технологияларды кеңінен қолдануды, жүк тасымалдаудың жаңа стратегиясын әзірлеуді және әуежайды арнайы экономикалық аймақ құра отырып, өз санатындағы әлемдегі ең үздік 10 әуежайдың қатарына қосуға бағытталған зерттеулерді қамтиды», - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, 1 мамырдан бастап ұшу-қону жолағын жөндеу үшін әуежайдан ұшатын түнгі рейстердің бәрі тоқтаған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Астана #әуежай