$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда көзі тірі тұлғаларға ескерткіш қойылмайтын болды

Министрлік монумент орнатудың қағидаларын өзгерткен

Қазақстанда көзі тірі тұлғаларға ескерткіш қойылмайтын болды
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Мәдениет және ақпарат министрлігі монумент орнату қағидаларына өзгерістер енгізетін бұйрықты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ашық құқықтық ережелерде» жарияланған жобаға сәйкес, көрнекті тұлғалардың ескерткіштерін жеке аумақта орнатуға болмайды. Ескерткіштердің сыртқы түрі шығармашылық байқаулар қорытындысы бойынша анықталады, оның қорытындысын арнайы комиссиялар бекітеді. 

«Монументтік өнер құрылыстары Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен тарихи тұлғалар тізімінде көрнекті тұлғаның болуын ескере отырып орнатылады. Құрылыс мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға қосқан, қаһармандық пен ерлік көрсеткен ерекше жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) тарихи оқиғалар болған күннен бастап бес жылдан ерте қаралмайды», - делінген бұйрық жобасында.

Серіктес жаңалықтары