Енді қазақстандықтарға жаңа ЭЦП беріледі

Қазір мемлекеттік қызмет алу үшін авторизация мен қол қойғанда екі кілт қолданылады

Енді қазақстандықтарға жаңа ЭЦП беріледі
Фото: freepik.com

Қазақстанда барлық мемлекеттік қызмет үшін бірыңғай электронды цифрлық қолтаңба енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Цифрлық қолтаңбаны алу, сақтау және пайдалану процедурасын жеңілдету үшін екі кілттің орнына бір кілт беру туралы шешім қабылданған.

«Жеке және заңды тұлғаларға МемСТ алгоритмі негізінде бір кілт беріледі. Ол авторизациялау үшін де, қол қою үшін де қолданылады», - делінген eGov порталының Telegram-арнасында.

Яғни негізгі өзгеріс – авторизация мен қол қою үшін екі тіркеу куәлігінің орнына енді біреу ғана беріледі, бұл цифрлық кілттерді басқару процесін жеңілдетеді.

Бұрын шығарылған электронды цифрлық қолтаңбалар жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады.

Электронды қолтаңбаның жаңа ГОСТ 2015 стандартын мобильді қосымшада пайдалану үшін eGov Mobile қосымшасын жаңартсаңыз жеткілікті.

Сондай-ақ заңды тұлғалардың пайдалануына арналған мына үлгілер де қолжетімді үлгілер тізімінен алынып тасталды: «қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер» және «кадр бөлімінің қызметкері».

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.