«Кез-келген Бишімбаевтың қорқынышы»: сарапшы Халимназаров тойдағы бүкіл сыйлықты алып кетті
Бишімбаев сотынан кейін сарапшы Қазақстандағы танымал адамдардың біріне айналған

Бишімбаев ісі бойынша сот-медсарапшы болған Тахир Халимназаров тойлардың бірінде би билеп, жұрттың қошеметіне бөленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оның видеосын тамада Бекзат Аманқосов Instagram парақшасына жүкетеген.
«Краш, кез-келген Бишімбаевтың қорқынышы, мықты маман, біз Youtube-тен көргенбіз, сіз красавчиксіз», - дейді той жүргізушісі.
Айта кетейік, сарапшы Тахир Халимназаров 9 сәуірдегі сот отырысында Салтанат Нүкенованың жарақаттарын кәсіби тұрғыда талдап, оның өлімі неден болғанын айтып берген. Бишімбаевтың қорғаушыларының сұрағына мүдірмей әрі байсалды жауап беріп, фактілермен дәлелдеді. Сотты тікелей эфирден көріп отырған қазақстандықтар Тахир Халимназаровтың кәсіби біліктілігіне қайран қалып, оған алғыс жаудырған. Кейін ол әлеуметтік желіде парақша ашты. Оның Instagram парақшасында 134 мың оқырманы бар.