Арқалықта құлаған ұшақтың бортында инфаркт алған науқас болған

Санавиация борты инфаркт алған пациентті облыстық ауруханаға жеткізуі керек еді 

Арқалықта құлаған ұшақтың бортында инфаркт алған науқас болған
Фото: istockphoto.com

Қостанай облысында қатты желден салдарынан судың үстіне қарай аударылып кеткен санавиация ұшағында инфаркт алған науқас отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, 3 мамыр күні медициналық авиацияға 1964 жылғы науқасты тасымалдау туралы өтінім түседі. Пациент миокард инфарктісін алған.

Сырқатты облыстық ауруханаға жеткізу үшін екі ұшқыш, дәрігер мен фельдшерден құралған бригада әуеге көтерілген.

«Болжам бойынша, ұшақ қатты желден әуеге көтерілген кезде аударылып кеткен. Пациент жарақат алған жоқ, жағдайы тұрақты күйде Арқалық ауруханасына жеткізілді. Қазір емделіп жатыр», - делінген хабарламада.

Санавиация бригадасы да апаттан аман қалды, дәрігерлердің бақылауында. Бүгін дәл сол бригада мүшелері науқасты көлікпен Қостанайға тасымалдауды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше «Навигатор» әуе компаниясына тиесілі Арқалық-Ақсұңқар санитарлық рейсін орындаған Ан-2 ұшағы биікке көтерілгеннен кейін апатты жағдайда су бетіне қонды. Авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.