«Есірткі тұтынған»: Air Astana компаниясының ұшқышына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Автор: Аманалина Тоғжан

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары мәлімдеді

Фото: istockphoto.com

Есірткі тұтынған Air Astana әуе компаниясы ұшқышының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова Ішкі істер министрінің орынбасырынан «Осыдан 1 апта бұрын ірі әуе компаниясының ұшқышы ұсталды. Ол есірткі тұтынған. Жалпы әуе, теміржол, қоғамдық көлік тасымалы саласында қанша адам есірткіге тәуелді? Тізім бар ма?» деп сұрады.

«Есірткі тұтынып ұсталған ұшқышқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аяқталған соң қосымша ақпарат беріледі. Әдетте ұшқыштар күнделікті медициналық тексерістен өтеді», - деп жауап берді Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы рейс алдында есірткіге мас күйінде ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.