25.04.2024, 15:49
Қоғам
Air Astana ұшқышы рейс алдында есірткіге мас күйінде ұсталды
Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр
Фото: istockphoto.com
Air Astana ұшқышы рейс алдында есірткіге мас күйінде ұсталды. Бұл жағдайға қатысты әуе компаниясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Авиакомпанияның ұшқышы 2024 жылдың 23 сәуірінде Алматы әуежайында ұсталып, есірткіге мас күйінде жолаушы ретінде ұшып кетті», – деп түсіндірді әуе компаниядан.
Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
«Бұл қызметкер жұмыстан шеттетілді. Авиакомпания қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына қарсы. Себебі, ұшу кезіндегі қауіпсіздік - бірінші орында. Авиакомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі заттарының болуына тұрақты негізде тестілеу жүргізіледі», - деп хабарлады Air Astana.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты