30.04.2024, 15:17
Қоғам
«Ресей ақша бөлген». Қазақстанның бір қаласында ғана «Жеңіс парады» өтеді
Іс-шараны Ресей Федерациясы қаржыландырады
Фото: Ресей ТЖМ
Байқоңырда 9 мамырда «Жеңіс парады» өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қала әкімшілігі 9 мамыр күні Ленин алаңында «Жеңіс парады» өтетінін, мерекелік концерт пен митинг ұйымдастырылатынын хабарлаған.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты елімізде әскери шеру өтпейтінін мәлімдеген. Қазақстанда 9 мамырға арналған мерекелік шерулерді өткізу пандемиядан кейін тоқтап қалған болатын.
Айта кетсек, Байқоңыр 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына жалға берілген қала. Ол тарап Қазақстанға жылына 115 млн АҚШ долларын төлейді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
