«Шыңжанның терезесі»: Үрімжідегі ең ірі базардан фоторепортаж

Аягөз Құрмаш

Базар аумағы - 40 мың шаршы ме

«Шыңжанның терезесі»: Үрімжідегі ең ірі базардан фоторепортаж
Фото: Azattyq Ruhy.

Эрдаоцяо  - Үрімжі қаласындағы негізгі орталық әрі ең үлкен базар. 2003 жылы қайта жаңғырған бұл базар ислам стилінде салынған және күмбездері, мұнаралары бар алып сарай іспеттес, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Басқа базарлар секілді мұнда да жергілікті тұрғындар мен шетелдік туристер сапырылысып жүр. Әсіресе, ұйғыр, қазақ, өзбек пен өзге шығыс халқын көп көруге болады. 

Шыңжаң халықаралық үлкен базары - Үрімші қаласының Тяньшань аумағында орналасқан. Ол әлемдегі қамал үлгісіндегі ең үлкен базар және Шыңжаң туристік өнімдерінің жиналатын орны мен көрме орталығы. Бұл арада сауда дүкендері көп, туристердің аяғы үзілмейді.

Ол Шыңжаңның экономикалық және әлеуметтік дамуының микрокосмосы, оның «Шыңжаңның терезесі» деген атауы бар.

Халықаралық үлкен базар 40 мың шаршы метр аумақты алып жатыр, ал жалпы құрылыс алаңы - 100 мың шаршы метр.

Базардағы адамдар сізге дәл сол жерде, көзіңіздің алдында қалаған әшекей бұйымыңызды жасап береді: халықтың көбі кесте, ұлттық бас киім, жергілікті музыкалық аспаптар жасатады.

Әдемі бұйымдардың арасында әрине қазақтың ұлттық аспаптарын, ұлттық киімдері мен оюы бар сөмке, тақияны да кездестіруге болады.

Кешке базар ашық аспан астындағы концерт залына айналады, онда жергілікті әртістер сіз үшін ұлттық киімдерімен ән айтып, билеп береді.

Базарда жүрген жергілікті қазақтарды кездестіріп, әңгімеге тарттық. Шұғыла есімді қытай қазағы Қазақстанға 18 жыл бұрын барған екен.

«Шыңжандағы тұрғылықты халық ұйғыр мен қазақ десек те болады. Қытайлардың біразы бертін келіп қоныстанды.  Қазақстанға 18 жыл бұрын барған едім. Алайда, атажұртта қоныстанып қалу туралы ойламаппын.  Себебі ата-анам осы жақта болды. Қазір Қазақстанда абысыным тұрады.  Олар осы жақтан барып қандас атанды»,- дейді ол.

Шұғыла Шыңжандағы қазақтардың жағжайы жақсы екенін айтады.

«Қазақстанға осы жақтың ауылдарынан барған қазақтар біздің тұрмыс-тіршілігіміз нашар деп айтатынын естідік. Алайда, көріп тұрғаныңыздай, бұл жақта көп ұлт өкілдері тұрады. Ешкімді алаламайды. Барлығы еркін. Баспана алуға үкіметтің жеңілдетілген бағдарламалары да бар. Біз де ондай бағдарламаларға қатысуға құқылымыз»,- дейді ол.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.