$ 537.75  626.43  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаевпен бірге брифинг өткізген Жапаров «Алматы – Ыстықкөл» арасындағы трасса туралы не айтты

Екі президент «Алматы – Ыстықкөл» жобасына ерекше мән берген

Тоқаевпен бірге брифинг өткізген Жапаров «Алматы – Ыстықкөл» арасындағы трасса туралы не айтты
Фото: Ақорда

Қырғыз елінде ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз президенті Садыр Жапаров БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіп, бірқатар мәселе бойынша пікір білдірген, деп хабарлайды 

Сөз алған Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Бішкек төріндегі бүгінгі келіссөздердің қорытындысы нәтижелі болғанын айтқан.

Ақорда жазғандай, Жапаров екі елге ортақ маңызды жобаларды тізіп өткен.

«Қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасындағы индустриялық сауда-логистикалық кешенінің құрылысы, Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау үшін көтерме сауда-тарату орталығын ашу, «Алматы – Ыстықкөл» автокөлік жолын салу секілді бірлескен жобаларға айрықша мән берілді. Біз сауда көлемін ұлғайту, өзара сауда-cаттықтағы тауарлар номенклатурасын кеңейту және бизнеске қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқыладық», – деді Қырғыз елінің басшысы.

Серіктес жаңалықтары