$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аптап ыстық, бұршақ: 24 тамызда елімізде дабылды ескерту жарияланды

Солтүстік облыстарда тұман түседі деп болжанып отыр

Аптап ыстық, бұршақ: 24 тамызда елімізде дабылды ескерту жарияланды
Фото: © freepik.com

Синоптиктер 24 тамызда елордада, Алматыда, Шымкентте және 16 облыста дабылды ескерту жариялады. Еліміздің оңтүстігі мен батысында аптап ыстық болады, қалған аумақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады, тұман түседі. Өңірлердің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде найзағай ойнайды. Батыста, солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысында түнде және таңертең батыста және солтүстікте тұман түседі. Оңтүстікте аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды ​​облысында күндіз солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды. Солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстікте аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды. Түнде және таңертең оңтүстікте және батыста тұман түседі. Күндіз солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Павлодарда күндіз найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстікте және шығыста қатты жаңбыр, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с. Солтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта жоғары өрт сақталады. Өскеменде найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Абай облысында түнде оңтүстікте және орталықта найзағай ойнайды, күндіз батыста, солтүстікте және орталықта найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз батыста, солтүстікте және орталықта 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Батыс пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде найзағай ойнайды, солтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Атырау облысында күндіз батыста және солтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 35-37°С қатты ыстық болады. Батыста және шығыста өрт қаупі өте жоғары, орталықта жоғары болады. Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады, найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстікте 36° қатты ыстық болады. Күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Оралда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады, оңтүстіктен 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында күндіз орталықта шаңды дауыл соғады. Күндіз солтүстік-батыста және орталықта оңтүстік-шығыстан 15–20 м/с жел соғады. Күндіз ауа температурасы +30...+35°С, оңтүстікте +38°С дейін, аса жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында кей жерлерде таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады, күн күркірейді, оңтүстікте және тауларда бұршақ жаууы мүмкін, түнде оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Батыстан 18–23 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +27...+32°C-тан +33...+38°C-қа дейін көтеріледі деп болжанып отыр, төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда найзағай ойнайды, батыстан, солтүстік-батыстан 18 м/с жел соғады, жоғары өрт қаупі сақталады.  

Жетісу облысында шығыста және тауларда найзағай ойнайды. Шығыста және тауларда солтүстік-шығыстан 17-22 м/с жел соғады. Оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз ауа температурасы +27...+32°С-тан +33...+38°С-қа дейін көтеріледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында түнде оңтүстікте және таулы аймақтарда, күндіз тауларда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 15–20 м/с жел соғады. Күндіз ауа температурасы +30...+35°С-тан +33...+38°С-қа дейін көтеріледі, төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында күндіз солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан 15–20 м/с жел соғады.

Түркістан облысында түннің бірінші жартысында тауларда найзағай ойнайды, солтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте өте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары