«Мына баланы кім туар еді?»: Ерке Есмахан Айрақтыдағы концерттен кейін өкпесін айтты
Әртіс 2 ай бұрын ғана босанған жас анаға түсіністікпен қарау қажет деп есептейді

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде толып кеткенін «бетіне басқан» оқырмандарына өкпелеп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Кішкентай ғана батырым, мамасының созған жатырын. Айрақтыдағы концерттен соң желіде маған «толыпсың», «семізсің» деп жазған пікірлерді оқып қалдым. Айналайындар-ау, мен тек фигура ойлап жүретін болсам қолымдағы мына тәтті баланы кім туар еді? 2 ай бұрын босанған ананы түсініп қойыңыздар. Әр кезеңнің өз әдемілігі бар», - деп жазды әнші.
Ерке Есмахан көп ұзамай сырт келбетін 90-60-90 өлшеміне келтіріп алатынын атап өтті.
«Сөзім сөз», - деп уәде берді ол.
Еске сала кетейік, таяуда Ерке Есмахан декреттік демалыстан кейін алғаш рет Маңғыстау өңірінде сахнаға шыққанын айтты.
«Үш жыл декретте отырып, ең бірінші Маңғыстау өңіріне өнер көрсетуге келіп тұрмын. Енді жиі-жиі сахнаға шығып тұрамын деген үміттемін. Бүгін тұсауым кесіліп жатыр. Ақ баталарыңызды беріп қойыңыздар», – деді Ерке Есмахан.
Әнші осыдан кейін сахнаға күйеуі Райымбек Бақтыгереевті (ред. Raim) шақырып, екеуі жұрт алдында дуэт орындады.