$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңбыр, бұршақ жауады: еліміздің қалаларында ауа райы қандай болады

Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, аптап ыстық болады деп болжанып отыр

Жаңбыр, бұршақ жауады: еліміздің қалаларында ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер жексенбі, 24 тамызда қалаларда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +25...+27°C.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +23...+25°C. Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +23...+25°C.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел түнде 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +32...+34°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +29...+31°C.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +24...+26°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 3-8, кей жерлерде екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +27...+29°C.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +28...+30°C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +26...+28°C.

Қызылордада күн ашық, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +32...+34°C.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, найзағай, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +24...+26°C.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +21...+23°C.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 5-10, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +23...+25°C.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +34...+36°C.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл соғады, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 7-12, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C.

Серіктес жаңалықтары