$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда Тоқаевпен кездескен Дидар Аймұқан президентке не айтты

Дидар Аймұқан қаладағы колледждің ІІІ курсында білім алады 

Петропавлда Тоқаевпен кездескен Дидар Аймұқан президентке не айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесіп жатқан құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

М.Жұмабаев атындағы колледждің 3-курс студенті, волонтер Дидар Аймұқан Президентке өңірдегі еріктілердің жұмысы туралы мәлімет берді.

«Біз волонтерлер еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін халыққа көмектесіп жатырмыз. Арамызда тек қала жастары ғана емес, сонымен қатар ауыл, аудандардан жиналған жастар жетерлік. Біз уақыт талғамай, таң атқаннан кеш батқанға дейін халыққа үгіт-насихат жүргізіп жатырмыз. Эвакуация жүргізіп, қапқа құм салып, дамба мен бөгет салуға қол ұшын беріп жатырмыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді, осындай уақытта бірігу, ерікті болу барша азаматтардың парызы деп есептеймін. Біздің күшіміз бірлікте», - деді студент.

Президент өз кезегінде төтенше жағдай кезінде өңір тұрғындарының жоғары деңгейде ұйымшылдық танытқанын атап өтіп, табиғат апатымен күресіп жүрген барлық азаматқа алғыс айтты.  

«Президент ретінде, азамат ретінде еріктілерге ризашылығымды білдіремін. Еріктілерді әрқашан қолдаймын», - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Елена Семидоцких Президентке облыстағы әр ауданда гуманитарлық көмек қабылдайтын пункттер ашылғаны жөнінде мәлімет берді. «Birgemiz» волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Анастасия Волкова еріктілердің жедел әрекет ету штабы құрылғаны туралы айтты. Штаб 2500-ден астам волонтерді үйретеді және олардың жұмысын үйлестіреді.  «Севказэнерго» акционерлік қоғамының бас директоры Анатолий Казановский аталған кәсіпорынның акционерлері 100 миллион теңге бөлгенін, трансформаторлар орнату және электр желілерін тарту жұмыстарын жүргізгенін айтты. «Қызылжар жолдары» ЖШС директоры Асхат Жолдаспаев компанияның су тасқынына қарсы шараларға белсенді атсалысып жатқанын жеткізді. Осы ретте аталған мекеме бөгеттер салу және нығайту үшін арнаулы техникалар мен қажетті құрал-жабдықтар бөліп отыр.

Серіктес жаңалықтары