$ 522.38  612.6  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дала алай-дүлей: қатарынан алты облыстың тас жолдары кешке дейін жабылды

Бұл өңірлерде ауа райы құбылып тұр

Дала алай-дүлей: қатарынан алты облыстың тас жолдары кешке дейін жабылды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

2025 жылғы 15 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы ақпаратты сағат сайын жаңартып, жүргізушілерге ескерту жасап отыр. 15 желтоқсан, түскі 13.00-дегі мәліметке сүйенсек, мына облыстардағы жолдар жабылған:

Қарағанды және Ақмола облыстары:

«Астана - Қабанбай батыр - Нұра-Теміртау» автожолының 35-101 шақырым аралығы.

Ақмола және Қостанай облыстары:

«Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы» автожолының 16–256 шақырым аралығы;

«Жезқазған - Арқалық - Петропавл» автожолының 340–445 шақырым аралығы.

Шығыс Қазақстан облысы:

«Өскемен - Риддер - РФ шекарасы», «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы», «Өскемен – Семей», «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнары» автожолдарының жекелеген учаскелерінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді.

Абай облысы:

«Өскемен – Семей» автожолының 103–198 шақырым аралығында барлық көлік түрлеріне шектеу қойылды.

Павлодар облысы:

«Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» және «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолдарының бірқатар учаскелерінде қозғалыс қайта ашылды.

Барлық бағыттар бойынша жолдар 15 желтоқсан күні кешкі сағат 20:00-де ашылады деген жоспар бар.

Серіктес жаңалықтары