$ 519.61  610.13  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көліктің жүгіне соғылған: Алматыда жол апатынан бір адам көз жұмды

Қылмыстық іс қозғалды

Көліктің жүгіне соғылған: Алматыда жол апатынан бір адам көз жұмды
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Әкімшілік полиция басқармасының кезекші бөлімінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бүгін түнгі сағат 02:30 шамасында Алматы қаласының Алатау ауданында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Mitsubishi маркалы автокөліктің жүргізушісі Шоссейная көшесімен батыс бағытта келе жатып, жол жиегінде тоқтап тұрған жүкті қағып кеткен. Сол сәтте жүгі жалғанған көліктің жүргізушісі салонда болмаған.

«Жол апаты салдарынан Mitsubishi жүргізушісі қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілген, алайда бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан көз жұмды. Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Алматы полициясының департаменті.

Серіктес жаңалықтары