$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мүфтиятың Әйел-қыздар секторы су басқан аймақтағы халыққа 10 млн теңге жинап берген

Ерікті әйел жамағаты қоғамдық іске тартылып, тіпті бөгеттер тұрғызуға көмектескен

Мүфтиятың Әйел-қыздар секторы су басқан аймақтағы халыққа 10 млн теңге жинап берген
Фото: Muftyat.kz

Еліміздің су басқан өңірлеріне гуманитарлық көмек көрсетуге ҚМДБ Әйел-қыздар секторы белсене кірісті. Олар бүгінге дейін 55 тонна гуманитарлық көмек пен 10 миллион теңге қаржы жинап, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жеткізген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Muftyat.kz-ке сілтеме жасап. 

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиеваның айтуынша, мүфтиятқа қарасты мешіттердің әйел ұстаздары мен ерікті жамағаты күн сайын Құран Кәрімді толық оқып, ел амандығы үшін дұға жасайды.

«Күні бүгінге дейін әйел жамағатының қолдауымен 10 миллион теңге жиналып, су апатынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына жолданды. Одан бөлек сектордың әр өңірдегі өкілдіктері, әйел ұстаздардың ұйытқы болуымен 55 тонна гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жөнелтілді. Судың беті қайтқанша елмен бірге дін қызметкерлері, оның ішін де әйел ұстаздар мен жамағаты да қызмет ете бермек», - деді Динара Нұрғалиева.

Оның сөзінше, отандастарымызға жөнелтілген гуманитарлық көмекте киім-кешек, дәрі-дәрмек, әйелдерге қажетті заттар, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ, балаларға арналған ойыншықтар мен тәттілер бар.

 

Серіктес жаңалықтары