«Астанаға жеткізілді»: министр жезқазғандық қыздың жағдайы ауыр екенін айтты
Бүгін оның жағдайы нашарлап кеткен
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бесінші күн комада жатқан Алиса санавиация арқылы Астанаға жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін мен сіздерге көптеген адамды алаңдатқан және назардан тыс қалуы мүмкін емес жағдай туралы айтқым келеді. Жезқазғанда тұратын екі жасар Алисаның анасы әлеуметтік желілерде сөйлегеннен кейін біз баланың отбасымен байланыстамыз. Бала ауыр жағдайда болды - «перитонитпен асқынған жіті аппендицит» диагнозы шұғыл операцияны қажет етті.
Анасының өтініші бойынша кеше Алиса санитариялық авиациямен Астанадағы қалалық балалар ауруханасына жедел жеткізілді, онда оған барлық қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деді министр.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта асқыну процесінің салдарынан баланың жағдайы ауыр, одан арғы емдеу тәсілі нақтыланады.
«Дәрігерлер баланың тәуір болып кетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», - деді ол.