$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде баспанасынан айырылған әлі 500 отбасының құжаты қаралып жатыр

Ақтөбе облысының аудандарында тұрғындарға төлем беріле бастады

Ақтөбеде баспанасынан айырылған әлі 500 отбасының құжаты қаралып жатыр

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен  брифингте Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев баспананы бағалау жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

«Біржолғы әлеуметтік төлем бойынша бүгінгі күні 1 026 құжат қабылданды. 504 отбасына 163 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем жасалды. Қалған 522 отбасының құжаттары қаралуда. Қазіргі уақытта облыста су тасқынына қатысты жағдай тұрақты деңгейде. Жедел штаб тәулік бойы жұмыс атқаруда»,- дейді ол. 

Әкім орынбасары  14 елді мекенде 236 абонент электр энергиясынан ажырап қалған.  

«Барлық тұрғынға дизельді генератормен тоқ қостық. Осы уақытта 10 бригада, 60 техника барлық елді мекенде жұмыс істеп жатыр», - деді спикер.

Облыстағы 11 елді мекеннен жол қатынасы уақытша үзіліп тұр. 

Серіктес жаңалықтары