$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бишімбаев ұсталған кезде оған темекі берген кім? ІІМ мәселені зерделейді

Сол күнгі хаттама заң бұзыла отырып толтырылса, тиісті тұлғалар жауап береді

Бишімбаев ұсталған кезде оған темекі берген кім? ІІМ мәселені зерделейді
Фото: Azattyq Ruhy

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталған күнде орын алған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Полиция қызметкерлері оған (экс-министр  Бишімбаевқа –авт.) темекші шегуге рұқсат бермеуі керек еді. Қолдағы кісенді шеше алады. Ұстау кезінде сақталатын арнайы талаптар бар. Көлікке мінгенше оның қолы кісендеулі болуы тиіс. Көлікке отырған кезде кісенді шешуге болады. Бұл қалыпты жағдай, ертең бізді азаптау болды деп айыптамау керек», - деді ол.

Министрдің орынбасары Бишімбаев қолға түскен кезде полиция жазған бейнежазбаны көрмеген.

«Жетондағы видеоны мен көрмедім, оны зерделейік. Құзырлы жетекші бар, мен оларға мәселені жеткізейін. Олар барлығын зерттеп, зерделейді. Осындай істермен айналысатын арнайы қызметтер де бар. Олар мұны назарға алып, регистраторлардан қарап, реттейді. Егер де хаттамада қандай да бір заң бұзу анықталса, оларды жазалаймыз. Барлығы жазаға тартылады», - деді Игорь Лепеха Сенат отырысының кулуарында.

Осыған дейін Бишімбаев ұсталған күні полиция кеудесіндегі камерадан түсірілген видео жарияланған еді. Видеода Бишімбаев полиция көлігінің маңында темекі шегіп тұрғанын байқауға болады.

Еске салсақ, әйелін өлтірді деп күдіктелген экс-министрге қатысты сот отырысы әлі өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары