«Қиын-қыстау қилы заманда...»: Сырым Әуезхан осы сөздері үшін халықтан кешірім сұрады
Сырым Әуезхан енді басқа ән жазамын дейді
«Біз біргеміз» әнінің авторы, айтыскер ақын Сырым Әуезхан халықтан кешірім сұрады, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Осы сынақ басталып, Құлсарыға келгелі бері ең көп естегін сөзім «Біз біргеміз» әнінің сөзін құрту керек» деген сөз болды. «Қиын-қыстау қилы заманда» деген әннің түбіне жетейік деп жатыр. Оның авторы - мен. Мен жазған едім. Халықтан кешірім сұраймын. Бірақ, апатқа бұл ән ғана кінәлі деп емес, басқа да ебептерді қарастырып көрсек деген ұсыныс бар», - деді ол әзіл, шыны аралас сөзінде.
Сырым Әуезхан бұл әннің артынан мағыналы, елдің рухын көтеретін ән жазатынын айтты.
«Сондай әнді айтам деген әншілер болса, хабарласыңыздар. Қандай ұсыныстарыңыз бар», - деді ақын Instagram желісіндегі парақшасында.
Өз кезегінде ақын Жандарбек Бұлғақов бұл ән коронавирус кезінде пайда болған туынды екенін, содан бері қиын сәттерде көп қолданатын әуен болып кеткенін айтып, қалжыңдады.
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде су тасқыны болып жатқан өңірлерден салынған видеоларға осы ән қойылған.