Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтармақ

Azattyq Rýhy

Қаражат сомасына мүліктік активтер кіреді

Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтармақ
Фото: sputnik.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Назарбаевтың немере-жиені Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтаратынын мәлімдеді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Антикор хабарлағандай, сотталушының жалпы сомасы 50 млрд теңгеден асатын қосымша мүліктік активтерін мемлекет пайдасына қайтару туралы мәселе қаралып жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, тергеу барысында Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін толық мойындап, қылмыстық жолмен алынған мүлікті ашуға ықпал еткен.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталушының және онымен байланысты тұлғалардың жалпы сомасы 732 млрд теңгеден астам мүліктік активтері мен ақшалай қаражатын мемлекет пайдасына қайтаруды қамтамасыз етті», - деп хабарлады Антикор.

Айта кетейік, осы тұлғаға қатысты салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтару фактісі бойынша тергеу жалғасуда.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.