«Басымды қатырмай, виски құй»: Бишімбаевтың барменді балағаттаған видеосы тарады

Күні кеше ол сотта марқұм әйелін «ішімдік ішетін, боқтап сөйлейтін» деп айыптаған еді

«Басымды қатырмай, виски құй»: Бишімбаевтың барменді балағаттаған видеосы тарады
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде экс-министр, қазір адам өлтірді деген күдікпен соты жүріп жатқан Қуандық Бишімбаевтың барменді балағаттап жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Дереккөзге сүйенсек, бейнежазба осы жылдың 20 наурыз күні тараған. Видеода көрініп тұрғандай, Қуандық Бишімбаев бір мекеменің барменіне ашуланған және оның ар-намысына тиіп, балағаттаған. 

«Сен кімсің? Сен жай ғана барменсің! Басымды қатырмай, виски құй», - дейді видеода ол.

Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуір күні өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев марқұм әйелі Салтанат Нүкенованы абайсызда өлтіріп алғанын айтқан. Сондай-ақ ол бұрынғы әйелін жеңіл жүрісті, ішімдік ішетін, боқтап сөйлейтін адам ретінде сипаттап берді. 

ЕСКЕРТУ! ВИДЕОДА БОҚТЫҚ СӨЗДЕР АЙТЫЛАДЫ!

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.