$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көктем басталғалы 66 автожолды су шайып кеткен

Елді мекендерге су басу қаупін төндірмеу мақсатында жолдар қолдан бұзылып жатыр

Көктем басталғалы 66 автожолды су шайып кеткен
видеодан кадр

Көктем басталғалы республикалық автожолдарда 66 су басу фактісі тіркелді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Azattuq Ruhy.

«Бүгінгі таңда бұндай фактілер 5 өңірдегі – Абай, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстарындағы ұзындығы 980 метрді құрайтын 5 жолда кездеседі. Осыған байланысты жалпы ұзындығы 410 шақырымды құрайтын 6 жолда қозғалысқа шектеулер енгізілген. Қауіпті участкелер мен жасанды құрылыстар тәулік бойы бақылауға алынған», - деді Көлік министрі.

Елді мекендерге су басу қаупін төндірмеу мақсатында жолдар бұзылып жатыр.

«Биыл 28 наурызда Ақтөбе облысы Самара-Шымкент жолының учаскесінде Ырғыз өзені арқылы өтетін көпірдің кіре берісін су шайып кетті. Жол тәулік ішінде қалпына келтіріліп, қозғалыс қамтамасыз етілді. Бұдан басқа, 30 наурызда Қарағанды облысы Бастау-Ақтау-Теміртау жолының Нұра станциясы аймағында орналасқан елді мекенді сақтау үшін жол төсемі мәжбүрлі бұзылды. Су деңгейі төмендегеннен кейін жолдың бұл бөлігі қалпына келтіріледі», - деді Қарабаев.

Министрдің сөзінше, бұзылған жолдарды реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша жасанды құрылыстар салынады, құбырлардың өткізу қабілеті ұлғайтылады, жер төсемдерінің биіктігі арттырылады және бірінші кезекте, апаттық жағдайдағы көпірлер жөнделеді. 

Серіктес жаңалықтары