$ 510.06  566.32  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Адамдарды құтқару оңай жұмыс емес»: Бектенов су басқан аймақтардың тұрғындарына үндеу жасады

Құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керек

«Адамдарды құтқару оңай жұмыс емес»: Бектенов су басқан аймақтардың тұрғындарына үндеу жасады
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Премьер-министр үй-жайларын тастап кеткісі келмейтін тұрғындардың әрекеті эвакуациялау жұмыстарын қиындатып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Көріп отырғанымыздай, биыл мұндай апат су тасқыны бұрын-соңды болмаған жерлерде де орын алуда. Сондықтан, қазақстандықтарды әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламаларына ерекше мән беріп, олардың нұсқауларын орындауларын сұраймын. Бұл адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Эвакуациялау – бірінші кезекте, Сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етуге бағытталған! Сондықтан құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керек. Олар Сіздер үшін тер төгуде. Ал, адамдарды құтқару оңай жұмыс емес», - деді ол.

Үкімет басшысы күштік құрылымдардың қызметкерлері мен құтқарушылардың еңбегі зор екенін атап өтті.

«Өкінішке орай, Батыс Қазақстан облысында сержант Батырбек Қапсықов қызметтік міндетін атқару кезінде екі бірдей пышақ жарақатын алған. Қылмыскер ұсталды. Ал, Ақтөбе облысында тасқын жағдайында жүкті әйелді босандырып алуға тура келді – анасы мен жаңа туған егіздерді құтқарып қалды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен қазіргідей қиын жағдайда ел тұрғындарына көмек қолын созып жатқан құтқарушыларға, ұшқыштарға, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктеріне мен Ұлттық ұланның қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне және қатардағы еріктілерге алғысымды білдіргім келеді», - деді Бектенов.

Серіктес жаңалықтары