СҚО-да заңсыз қоқыс полигондары үшін аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жазаланды

Azattyq Rýhy

Облыстың барлық аудандарында Кодекс талаптары бұзылған

СҚО-да заңсыз қоқыс полигондары үшін аудан әкімдіктерінің қызметкерлері жазаланды
Фото: Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және кәдеге жарату бойынша бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары Кодекстің 365-бабы 4-тармағын бұза отырып, облыста коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын бекітпеген. Атап айтқанда, аудан әкімдіктері Кодекс талаптарына қайшы, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және кәдеге жарату бойынша халыққа арналған тарифтерді әлі бекітпегені анықталды.

«Облыстың барлық аудандарында Кодекс талаптарын бұза отырып, уәкілетті орган коммуналдық қалдықтарды қалыптастыру және жинақтау нормаларын есептеу қағидаларын қабылдамаған, ал әкімдіктердің жауапты тұлғалары қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жұмыстарын ұйымдастырмаған. Аққайың, Мамлют, Қызылжар аудандарында рұқсат етілмеген (апатты) 10-нан астам полигон анықталды» - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.