$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.03.2024, 07:02
Қоғам

«Жағдай қиын»: депутат Ақтөбе облысындағы су басқан ауданның тұрғындарымен кездесті

Мақсат Толықбай AMANAT партиясы тарапынан тиісті көмек көрсетіліп жатқанын айтты

«Жағдай қиын»: депутат Ақтөбе облысындағы су басқан ауданның тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Ақтөбе облысы Қобда ауданының жұртшылығымен кездесіп, өңірдің су басқан ауылына барды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, аймақтағы ахуалды көрсетті.

«Сеть ұстайтын аймаққа енді шықтық. Күндіз-түні Ақтөбе облысындағы үйі суға кеткен ағайынның қасында жүрміз. Жағдай қиын. Құр жүрген жоқпыз. Еріктілерге рақмет! AMANAT партиясы тарапынан қолдан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз. Қазір бастысы адам шығыны болмасыншы деп тілейікші. Берсиев сияқты ауылдарды толық қызыл су шайып кетті. Қорқынышты. Тұрғындар мектептің екінші қабатында отыр. Тікұшақ қонатын жер жоқ», - деп жазды Мақсат Толықбай.

Серіктес жаңалықтары