29.03.2024, 20:58
Қоғам
Ақтөбе облысындағы ахуал: су тасқынымен күрес жалғасуда
Аймақта 282 бас ірі қара қауіпсіз жерге айдалды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Өңірде аула аумақтарынан еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта 300 мың текшеметрге жуық еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді, 10 мыңнан астам дана қапшық төселді және 4 мың тоннадан астам инертті материалдар жеткізілді», - делінген хабарламада.
Су басқан 2653 тұрғын үйден 3559 адам, оның ішінде 1519 бала эвакуацияланды.
Эвакуацияланғандар уақытша орналасу пункттеріне жеткізілді.
Сондай-ақ 282 бас ірі қара қауіпсіз жерге айдалды.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды