$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.03.2024, 21:38
Қоғам

Ақтауда әскерилер суицид жасамақ болған әйелді құтқарып қалды

Патрульдік топ бірден көмекке ұмтылып, әйелдің қолындағы өткір пышақты алып үлгерді

Ақтауда әскерилер суицид жасамақ болған әйелді құтқарып қалды
фото: freepik

Ақтауда ҚР Ұлттық гвардиясының 6656 әскери бөлімінің қызметкерлері қолын кескен әйелге алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Батыс» Өңірлік қолбасшылығының мәліметінше оқыс оқиға 28 наурыз күні кешкі 22:30 шамасында болған.

6656 әскери бөлімінің патрульдік топ сержанты Мұхтар Бердіш пен Нұржан Байманов және Азат Мұқанов өздеріне тиесілі аумақтың тәртібін қадағалап жүрген.

№1 тұрғынүй алабының маңайында өзін өлтірмек болған әйелді көрген патрульдік топ бірден көмекке ұмтылып, қолында өткір пышақты алып үлгерді.

«Біз өз учаскемізде жұмыс істеп жүрдік. Оқыс жағдайда көшеде қолын кеспек болған әйелді көрдік. Ойланып тұрмастан бірден көмекке бардық. Алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырдық», - деді сержант Мұхтар Бердіш.

Осыдан кейін оқиға орнына жедел жәрдем қызметі келіп жетіп, Ақтау тұрғынын ауруханаға жеткізді.

Серіктес жаңалықтары