Қазақстан коронавирус жұқтырудың шарықтау шегіне жетті - ДСМ
Қазір елімізде 100 мың адамға 7 науқастан келеді
Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қазақстан коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау шегіне жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Біз коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау шегіне өттік. Қазір елімізде 100 мың адамға 7 науқастан келеді. Осыған байланысты инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдарға ауқымды тексеру басталды. Бұл тестілеу 10 сәуірден 20 сәуірге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар медициналық қызметкерлер эпидемияға қарсы күшейтілген режимге ауысты. Одан бөлек, провизорлық стационарға да жұқпалы аурулар ауруханасының талаптары қойылады», - деді Л.Ақтаева.
Оның айтуынша, медициналық ұйым басшылары қызметкерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті.