24.03.2024, 22:26
Қоғам
«Жолаушылар жүгі емес»: Алматы әуежайы траптан лақтырылған заттарға қатысты түсініктеме берді
Бума заттардың көрпелер мен жастықтар салынған брикет екені айтылды
Видеодан алынған кадр
Жақында әлеуметтік желіде Алматы халықаралық әуежайындағы жүктердің тасымалына қатысты видео жарияланды. Бейнежазбадан траптан лақтырылған жүктердің кадрларын көруге болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл мәселеге қатысты Алматы халықаралық әуежайы түсініктеме берді.
«Жақында krivosheev.live Telegram каналында видео жарияланды. krivosheev.live Бұл видеоға қатысты жолаушылар жүгі деп көрінген заттар шын мәнінде қолданылған көрпелер мен жастықтар салынған брикет екенін хабарлаймыз. Жолаушылар түскеннен кейін ұшақты іші тазаланады және әуе компания қызметкерлері сол брикеттерді өздерімен бірге алып кетеді», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді