$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қырғызстанға бензинді заңсыз шығарумен айналысқан топтың жетекшісі ұсталды

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қашып жүрген азаматтар жайлы хабарлады

Қырғызстанға бензинді заңсыз шығарумен айналысқан топтың жетекшісі ұсталды
Фотоколлаж Azattyq Rýhy

Қырғызстанға жанар-жағармайды заңсыз тасумен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды. Ол жалпы құны 6,7 млн теңге тұратын 38 тонна бензинді Қырғызстанға заңсыз шығаруды ұйымдастырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген өзгеде адамдарды іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іздеу шараларының нәтижесінде Департамент қызметкерлері былтырдан бері қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген 5 азаматты анықтады.

«Шымкент қаласында 310 млн теңге көлемінде картоптың элиталық тұқымын алуға арналған субсидияларды жымқыру қылмысының  ұйымдастырушы ұсталды. Қылмыстық іс (ҚР ҚК-нің 190 б. 4 бөл.) сотқа жіберілді. Сондай-ақ, 2023 жылы тамшылатып суаруға арналған 21  млн теңгеден астам субсидияларды жымқырған 2 тұлғаның орналасқан жерлері анықталып (Т.Рысқұлов ауданы мен Тараз қаласында), қылмыстық іс сотқа жіберілді», - деді Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Жағыпар Исатаев.  

Одан бөлек 153 млн теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған күдіктінің жасырған жері  анықталып, қылмыстық іс (ҚР ҚК-нің 245 б. 2 бөл.) сотқа жіберілді.

«2023 жылдың желтоқсан айында іздеу шаралардың нәтижесінде мектеп дейінгі білім беру саласына мемлекеттік бюджеттен бөлінген 11 млн теңгеден аса қаражатты жымқыру дерегі бойынша күдікті тұлға ұсталып, 2024 жылғы қаңтар айында қылмыстық іс (ҚР ҚК-нің 190 б. 4 бөл.) сотқа жіберілді. 2024 жылдың наурыз айында Алматы қаласында 6,7 млн теңге жалпы құнымен 38 тонна бензинді Қазақстан Республикасынан Қырғызстанға заңсыз шығаруды ұйымдастырған азамат ұсталды. Біз барлық кәсіпкерлер мен азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, заңды негізде жұмыс істеуге, салықты адал төлеп, ресми өнім өндіретін басқа да кәсіпкерлер мен өндірушілерді құрметтеуге шақырамыз», - деді  Департаменттің өкілі.

Серіктес жаңалықтары