19.03.2024, 13:21
Қоғам
Елімізде балабақшаға кезек алудың бірыңғай базасы әзірленді
Жоба қазіргі уақытта бірнеше өңірде пилоттық режимде іске асырылып жатыр
Фото: freepik.com
Қазақстанда балабақшаға кезек алудың бірыңғай базасы әзірленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында кезекті есепке алудың Бірыңғай базасы әзірленді.
«Жоба қазіргі уақытта Қарағанды облысының Шахтинск қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында, Атырау және Шымкент қалаларында, сонымен қатар Павлодар облысының 8 ауданында пилоттық режимде іске асырылып жатыр», - делінген ақпаратта.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды