Қарағанды облысының әкімдігі 1 млрд теңгеге өткізілмек болмақ конкурсқа түсініктеме берді
Конкурс жаңа шартпен қайта жарияланды

Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімдігі мемлекеттік сатып алулар сайтындағы мерекелік безендіруге арналған миллиондаған теңгенің конкурсының күші жойылуына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ЕKaraganda басылымының жазуынша, ведомство өкілдері ешқандай заңбұзушылыққа жол берілген жоқ деп есептейді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ә.Бөкейхан аудандық прокуратурасы ауданды мерекелік безендіру бойынша 985 156 250 теңгені құрайтын үш жылдық байқаудың күшін жойған болатын.
Әлихан Бөкейханов атындағы аудан әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі Айдын Төлеуов прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпараттан кейін кейбір ақпараттық ресурста шындыққа сәйкес келмейтін дәйектері бар жарияланым пайда болғанын айтады.
«Ақпарат бұрмаланған. 3 жыл мерзімге аудандық мерекелік безендіру бойынша қызметтерді сатып алуға конкурс 2024 жылғы 10 қаңтарда жарияланып, прокуратураның наразылығымен 2024 жылғы 18 қаңтарда күші жойылды. Бұл наразылық «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға сәйкес рұқсат етілген қызметтерді көрсету мерзіміне (3 жыл) қатысты жасалған. Алайда прокуратураның пікірінше, бұған жол беруге болмайды. Бұл ретте қызметтерді орындауға үш жылдық шарты бар конкурстар қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді. Конкурс қорытындысы шығарылғанға дейін әлеуетті өнім берушілерден өтінім қабылдау кезеңінде конкурстың күші жойылды. Осылайша, байқау өтпей қалды. Ешқандай ұйыммен келісім жасалған жоқ», – дейді Айдын Төлеуов.
Қаржылық конкурс 22 ақпанда бір жылға қайта жарияланды.