Қазақстанда МӘМС жарнасын төлеу жүйесіне өзгеріс енеді

Енді қазақстандықтар МӘМС-ке жарнаны әділдік қағидаты бойынша төлейді

Қазақстанда МӘМС жарнасын төлеу жүйесіне өзгеріс енеді
Фото: freepik.com

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасын төлеу жүйесіне өзгеріс енеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжілістегі медицина саласын талқылауға арналған жиында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министрдің сөзінше, енді қазақстандықтар МӘМС-ке жарнаны әділдік қағидаты бойынша төлейді.

«Әділдікке қол жеткізу үшін сақтандыру пакетін қаржыландыруда салық төлеушілердің барлық топтары жарналарды баламалы тиімді мөлшерлемелер бойынша төлеуге көшетін нақты шкалаға көшуді ұсынамыз. Табысы төмен адамдар қалталы азаматтардан артық төлемеуі керек», - деді Ақмарал Әлназарова.

Министрдің айтуынша, аталған шаралардың нәтижесінде медицина саласында халықтың қалта немесе жеке шығыстарының төмендеуі, сақтандырылған азаматтардың алдын ала төленген сапалы медициналық көмек алу құқықтарын қорғау ескерілген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.