$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.03.2024, 22:26
Қоғам

Сырттан келген жат ағымдардың ұрпақ санасын улауына жол бермеуіміз керек – Тоқаев

Мемлекет басшысы еліміздің жаңашылдық пен жасампаздық жолына түскеніне назар аударды

Сырттан келген жат ағымдардың ұрпақ санасын улауына жол бермеуіміз керек – Тоқаев
Фото: akorda.kz

Президент бүгінгі Ұлттық құрылтай жиынында дін мен дәстүрдің бірлігіне арнайы тоқталғанын атап өтіп, ұлттық болмысымыздың арқауы саналатын осы екі құндылықты бір-біріне қарсы қойып жүрген теріс ағымдар жөнінде алаңдаушылығын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ашығын айтсақ, дін мәселесі бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Біз сырттан келген жат ағымдардың ұрпақ санасын улауына жол бермеуіміз керек. Бұған салт-дәстүрімізді сақтау және саналы ұрпақ тәрбиелеу арқылы төтеп бере аламыз. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы айрықша рөл атқаруға тиіс. Иман жолына бет бұрған жастарға дұрыс бағыт сілтеу – өте маңызды міндет. Мүфтият осы іске баса мән беріп, мұқият айналысқаны жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміздің жаңашылдық пен жасампаздық жолына түскеніне назар аударды. Бұл – Наурыз мерекесімен және Ислам құндылықтарымен толық үндесетін сара жол.

«Биылдан бастап елімізде әз-Наурыздың онкүндігін жарияладық, яғни әр күнді ерекше атап өтетін болдық. Бүгін 15 наурыз – «Қайырымдылыққа» арналған. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында елімізде көптеген игі істер жасалуда. Халқымыз жанашырлық, тілеулестік, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттерін іс жүзінде көрсетіп жатыр. Бұл, шын мәнінде, озық қоғамға тән сипат деуге болады», – деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары