Халыққа қызмет көрсету орталықтарының наурыз айындағы жұмыс кестесі жарияланды

Темірхан Айжан

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының наурыз айындағы жұмыс кестесі жарияланды
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметі

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен 22 наурыз мерекелеріне орай халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы кестесі өзгереді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ХҚКО 8 наурыз күні және 21-25 наурыз аралығында жұмыс істемейді. Ал кезекші орталықтар сенбіде, яғни 9 наурыз күні және 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.

Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ, 1414 телефоны арқылы білуге болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.