Алматыда көлік қозғалысын жүйелейтін портал іске қосылады
Карантин жағдайына қармасатан қалада көлік нөпірі азаймай тұр

Алматыда көлік қозғалысын жүйелейтін портал іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазір карантин жағдайына қарамастан, қалада көліктер нөпірі азаймай тұр. Бұған дейін кәсіпкерлер, мекемелер жұмыс істейтін жұмысшыларының жүріп-тұруы үшін рұқсаттар алған, алайда кейбір адамдардың мұндай рұқсатты негізсіз алғаны анықталып жатыр. Қаладағы қозғалыс пен транспорт бойынша біраз мәселе туындап отыр, сондықтан оны қазір жүйелендіріп жатырмыз. Осы себепті қазір арнайы портал жасалды, ертеңнен бастап іске қосылады және кәсіпкерлерден ашық түрде ұсыныстар қабылдайды. Бұл порталдың негізгі мақсаты деректер қорына ақпарат жинау. Бұған дейін Е полюс қосымшасы арқылы кәсіпкерлер өздерінің ұсыныстары арқылы қалада жүру рұқсатын алған еді. Дегенмен негізсіз адамдардың рұқсат алып отырғаны анықталды. Бұл бастапқыда Кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлердің берген ұсынысы арқылы жасалған еді. Сондықтан осы мәселені жүйелендіру бойынша шешім қабылданды», - дейді ол.
Әкімнің орынбасары жаңа порталда әрбір кәсіпкер ешқандай адамның қатысуынсыз ЭЦҚ арқылы ұсыныс бере алатынын айтты. Ол жерде кәсіпкер өз жұмысшыларының және автокөліктердің тізімін ұсынады.
Егер ол ақпарат рұқсат етілмеген салада болса, портал оны өткізбейді.