Қазақстанда коронавирус инфекциясының шарықтау шегі қашан болады?
Ол кезде коронавирус жұқтырғандар саны 2 мыңға жетуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Қазақстанда коронавирустың шарықтау шегі қашан келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Біздің ғылыми орталықтарымыз дайындаған болжамға сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясының шарықтау шегі сәуір айының соңында, мамыр айының басында болуы мүмкін. Ол кезде коронавирус жұқтырғандар саны шамамен 2 мыңға жетуі ықтимал», - деді Людмила Бюрабекова.
Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 979 адамға жетті. Оның ішінде 138 адам жазылып шыққан. 12 адам көз жұмды.