Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды
Күдіктілер Ақбұлақ ықшамауданында болған ұрлықтан кейін қолға түсті
Бұл жолы арнайы іс-шара барысында полицейлер төрт адамды ұстады: үш ұры мен бір ұрланған затты сатып алушы, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Криминалдық полицияның мәліметінше, бұл топтың кем дегенде 4 пәтер ұрлығына қатысы бар.
«Бір қызығы, қаскөйлер қала тұрғындарының көпшілігі жұмыста, мектепте немесе іссапарда болатын уақытта ұрлық жасаған. Оның үстіне үштік көпқабатты үйлердің пәтерлерін тонаған. Белгілі болғандай, олар камерадан да тартынбаған: бірнеше қылмыстық эпизод бейнебақылау жүйесі арқылы жазылып қалған. Күдіктілер Ақбұлақ ықшамауданында болған ұрлықтан кейін ұсталды. Сол кезде қаскөйлер бөтеннің құны 1,5 миллион теңгеден асатын мүлкін ұрлаған, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.
Ұсталғандар қамауға алынды