$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.02.2024, 20:49
Қоғам

Жамбыл облысындағы Көктөбе ауылының тұрғындары ауыз суды тасып ішуге мәжбүр

Жергілікті билік мәселе 2025 жылы шешілетінін айтты

Жамбыл облысындағы Көктөбе ауылының тұрғындары ауыз суды тасып ішуге мәжбүр
Коллаж: Azattyq Ruhy

Жамбыл облысының Көктөбе ауылында бұдан 3 жыл бұрын басталған ауызсу құбырын тарту жұмыстары әлі аяқталар емес, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

3 мыңнан аса тұрғыны бар елдімекен таза сумен былтыр қамтылуы тиіс еді. Бірақ мердігер мекеме тіршілік нәрін ауылдағы 5-6 аулаға ғана қосқан. Ал қалған тұрғындар суды сол үйлерден кезекпен тасып ішуге мәжбүр. Ауладағы құдық суы ішуге жарамсыз. Жергілікті билік бар кінәні өздері қабылдаған жобаға жауып отыр. Су мұнарасының қуаты ауылды толық қамтуға жетпейді. Сондықтан сметалық құжаттамаға өзгеріс енгізіп, екінші су мұнарасын орнатуға кірісіпті. Көктөбе ауылына су желісін жүргізу үшін қазынадан 760 млн теңге бөлінген. Жергілікті билік құрылыс жұмыстарын көктемде аяқтаймыз деп сендіреді. Шу ауданындағы Сауытбек ауылында да дәл осындай мәселе туындап отыр.

«Шу ауданы бойынша 76%-тік сумен қамтылу жағдайымыз бар. Алла қаласа, биыл 9 ауыл. 4 ауылымыз өтпелі болып биыл бітіреді. Қалған 4 ауылда конкурспен биылғы жылы құрылысы басталады. Сонда біз 2025 жылға толықтай, 100%-ке сумен қамтимыз деп отырмыз», - дейді Шу ауданы әкімінің орынбасары Серік Сәрсенбеков.

Серіктес жаңалықтары