26.02.2024, 17:27
Қоғам
«Саясаткер де, шенеунік те емеспін»: Головкин жаңа қызметтегі ниетін жеткізді
Ол жұмысын сөзбен емес, іспен дәлелдейтінін жеткізді
Фото: t.me/olympickz
Головкин ҰОК басшысы лауазымына сайланғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мен үшін өз елімізді басқа қырынан таныту өте үлкен мәртебе. Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Мен өз ниетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеуге дағдыланғанмын. Менің өз көзқарасым бар, көп жылдық халықаралық тәжірибе мен команда бар, ең бастысы бұрыннан келе жатқан шынайы тілегім – мұның барлығын өз елімде жүзеге асыру», - дейді спортшы.
Еске салсақ, Астанада ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясының отырысында кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді