26.02.2024, 16:47
Қоғам
Бишімбаев ісі: сотта күдіктілерге қандай бап бойынша айып тағылғаны айтылды
Істі жүргізуге қабылдау мәселесі бес тәуліктен кешіктірілмеуі керек
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
2024 жылғы 26 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына күдіктілер Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Күдікті Қ.Бишімбаевқа тағылған айып:
- ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5) тармағы, адам өлтіру, басқа адамға қатысты құқыққа қарсы қасақана аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің;
- 1) тармағы бойынша кiнәлi адамға материалдық жағынан тәуелдi адамға қатысты жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылған.
Күдікті Бақытжан Байжановқа тағылған айып:
- ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.
ҚПК-нің 319-бабына сәйкес, судья істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені бес тәуліктен кешіктірмей шешеді.
Еске салсақ, 9 қараша күні бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған еді.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ
Көп оқылған
11.02.2026, 17:25
Рамазан-2026: Қазақстанда пітір садақа мөлшері 735 теңге болып бекіді
11.02.2026, 12:58
Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Бас прокуратура күдікті күйеуі мен енесіне қатысты тың мәлімет жариялады
11.02.2026, 11:30
«Он алты жұмыртқамды мұздатып қойдым»: Қазақстанда аналық жасушаны «қатыру» үшін неше теңге кетеді
11.02.2026, 20:11
Шымкентте жол бойында жаппай төбелес болып, 3 адам қамауға алынды