Жамбыл облысында жолды қараусыз қалдырған компаниялар жазаланып жатыр

Коммуналдық мекемелер жолды қардан уақытылы дұрыс тазаламайды 

Жамбыл облысында жолды қараусыз қалдырған компаниялар жазаланып жатыр
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Жамбыл облысында коммуналдық мекемнің басшылары жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Әкімшілік полиция қызметкерлері автомобиль жолдарын күнделікті тексеруден өткізеді. Бүгінгі таңда ең өзекті мәселе - көшелерді қардан тазарту және көктайғаққа қарсы материалдарды себу.

Полицейлер рейдтік іс-шаралар барысында қандай да бір заң бұзушылықтарды анықтаса, оларды жою туралы жауапты қызметтерге нұсқама жолдайды, ал олар жақын арада барлық кемшіліктерді түзетуі тиіс. Дегенмен, мердігерлер жұмысты дұрыс атқармайды.    

Жамбыл облысының республикалық және жергілікті жолдарындағы әкімшілік полицияның жол-техникалық инспекциясының қызметкерлерімен жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктер анықталды.

Жауған қардың толық тазаланбауы қар үйінділерінің пайда болуына, жолдың жүріс бөлігінің қатуына және тарылуына әкеп соғады, көктайғаққа қарсы  материалдардың себілмеуі   жолаушыларға және көлік жүргізушілеріне қауіп төндіреді.

«Осы кемшіліктері үшін Байзақ, Талас және Меркі аудандарының мердігерлік мекемелеріне  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігі (Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Лауазымды тұлғаларға 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы полиция полковнигі Жайдарбек Құттыбаев.

Жыл басынан бері қыс мезгілінде автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны үшін барлығы 30 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.