$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Отандық мамандар еліміздегі асфальтбетон зауыттарын тексеріп жатыр

Қазір Жамбыл облысындағы зауыт тексеріліп жатыр

Отандық мамандар еліміздегі асфальтбетон зауыттарын тексеріп жатыр
Фото: Әсет Құндақбаев

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары Қазақстандағы асфальтбетон зауыттарын тексеруге кірісті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Олардың жаңа құрылыс маусымына және асфальтбетон қоспаларын сапалы өндіруге дайындығы тексеріледі, сондай-ақ жол-құрылыс материалдарын сынайтын зертханаларға бақылау қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу институтының сарапшылары мен ғалымдарынан құралған комиссия Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен бірлесіп Жамбыл облысындағы асфальтбетон зауыттарына зерттеу жүргізіп жатыр.

«Қазақстанда жалпы 300-ден астам асфальтбетон зауыты жұмыс істеп тұр. Отандық жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары сапа стандарттары мен нормативтерге сәйкестігін тексеру мақсатында әрбір зауытқа инспекция жүргізуді жоспарлап отыр. Тексеру жұмыстарының нәтижелері ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қолдауымен құрылған rcmbase.kz жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасында қолжетімді болады. Аталған базада зауыттың орналасқан орны, техникалық сипаттамалары, жобаларға қатысуы, зертханалардың болуы, салмақ үлестіргіштерінің жай-күйі және асфальтбетон зауыттарының экологиялық қауіпсіздігі жөніндегі шаралардың сақталуы туралы деректер ұсынылады», - деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын құру жол-құрылыс материалдарының сапасын арттыруға, жеткізушілерді таңдау кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге және жол құрылысында материалдар мен технологияларды пайдалануды жүйелеуге арналған.

Серіктес жаңалықтары