$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа келіп түсті

Істің басталуы 26 ақпанға жоспарланған

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа келіп түсті
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

ҚР Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы Сотының сайтындағы Сот кабинетінде жарияланды.

Ақпаратқа сәйкес, істің басталуы бүгін, яғни 2024 жылдың 26 ақпанына белгіленген. Ол Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады.

Айыпталушылар тізімінде Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов тұр. Іс материалдарымен танысуға тырысқанда «бұл іс жариялау үшін жабық» деген жазба шығады.

Еске салсақ, экс-министрге 2023 жылдың қарашасында өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айып тағылды.

Дүйім елді дүрліктірген аса ауыр қылмыс бойынша басты күдікті бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев. Оған ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі (Азаптау) және 99-баптың 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша айып тағылған. Егер қылмысы дәлелденсе экс-министр 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

Серіктес жаңалықтары