26.02.2024, 13:33
Қоғам
ҚР министрлерінің орташа жасы қанша
Ең егде жастағы министр – Ерлан Нысанбаев
Фото: freepik.com
20 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстандағы министрлердің орташа жасы – 50 жас, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ranking.kz-ке сілтеме беріп.
Ең егде жастағы министр – 62,5 жастағы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев. Одан кейінгі қатарда 58 жастағы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен 57 жастағы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров тұр.
Ең жас министр – Көлік министрі Марат Қарабаев, ол 36 жаста. Одан кейінгі «жастардың» қатарын 40 жастағы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен 41 жастағы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин толықтырады.
Аударған: Айжан ТЕМІРХАН
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады